RU

Дұрыс емес тістем (қисық тістер)

Денсаулыққа қатысты мәселе

Тістер кездейсоқ қисық өспейді: соңғы ғылыми зерттеулер ортодонтиялық мәселелердің көбі жақтың дұрыс дамымауымен байланысты екенін растайды.

Ерте балалық шақтың өзінде дамымаған жақтарда шығып келе жатқан тістерге орын жетпейтінін байқауға болады, сондықтан олар табиғи түрде мінсіз тегіс қатарға тізіле алмайды.

Дәстүр бойынша қисық тістерді ортодонтиялық емдеу (медицина тілінде мұны тістем аномалиялары дейді) көбіне барлық тұрақты тістер шыққанша, шамамен 12 жасқа дейін кейінге қалдырылады. Өкінішке қарай, жасөспірімдерге брекет қою және тіс жұлу дұрыс емес тістемге әкелген денсаулық мәселелерін емдемейді. Суретте төрт-бес жастағы балаларды көріп тұрсыз: олардың сүт тістерінің тығыз өсіп жатқаны қазірдің өзінде байқалады. Бұл тұрақты тістерге орын жетпей, тіс қатарларының тегіс болмауына әкеледі. Себеп — тістердің тым ірілігінде емес, жақтардың жеткілікті дамымауында. Тұрақты тістер сүт тістерінен үлкен болғандықтан, оларға тар жақтарда орын жетпейді.

Ауыз қуысындағы болашақта мәселе тудыратын зиянды әдеттерді анықтаған кезде емдеуді бастайсыз және тістермен емес, әдеттермен жұмыс істейсіз.Доктор Барри Рэйфил, ортодонт (Клифтон қ., Нью-Джерси штаты, АҚШ)

Денсаулық және даму

Бала ауызбен тыныс алса, тіл таңдайға тимейді. Әдетте соның салдарынан жоғарғы жақ нашар дамиды, ал төменгі жақ көлденең өсе алмайды. Жоғарғы жақтың дамымауы тістердің тығыз орналасуына ғана емес, тыныс жолдарының тарылуына да әкеліп, баланың тыныс алуын қиындатады.

Стоматология мамандары бет-жақ дамуының бұзылыстарын ерте кезеңде анықтауға барған сайын көбірек ұмтылады.

Сондай-ақ дәрігерлер ауызбен тыныс алудың қауіптілігін кеңінен мойындап келеді: ол бет-жақ дамуын нашарлатып қана қоймай, ұйқы кезінде тыныс алудың бұзылуына әкеледі. Бұл ауру қорылдау, таңертеңгі шаршау, оқудағы қиындықтар, түнде ұйықтап жатқанда тыныстың бірнеше секундқа тоқтауы сияқты белгілермен көрінеді. Аурудың ресми атауы — ұйқыдағы обструктивті апноэ синдромы (ҰОАС). Емделмесе, ҰОАС ересек жаста денсаулыққа байланысты күрделі мәселелерге және өмір сапасының төмендеуіне әкеледі.

Ұйқыдағы обструктивті апноэ синдромының (ҰОАС) белгілері:

  • Баланың дамуы мен мінез-құлқындағы мәселелер
  • Қорылдау
  • Ентігу
  • Ұйқыдағы обструктивті апноэ
  • Мазасыз ұйқы

Тамақтану

1930 жылдары америкалық стоматолог Вестон Прайс тіс жегісі, бет-жақ дамуының бұзылуы және қисық тістер сол кездегі «заманауи диетамен» тікелей байланысты екенін анықтады. АҚШ тұрғындары тістердің тығыз орналасуынан жаппай зардап шеккен. Ол әлемнің түрлі халықтарын зерттеп, адамдар қарапайым тағаммен қоректенетін жерлерде тіс жегісі болмағанын, жақтары жақсы дамып, тістері тегіс болғанын анықтады. Ол мұның себебі олардың тағамы қаттырақ болып, қоректік құндылығы 10 есе жоғары болғанында деп шешті. Бүгінде көп баланың тісі жегіленген, бірақ олар оның неліктен пайда болғанын және одан қалай сақтануға болатынын білмейді. Дұрыс тамақтану баланың денсаулығы мен дамуы үшін өте маңызды.

Кеңес алу үшін бізге Direct-ке жазыңыз

Баланың тістерінің суретін жіберіңіз, ортодонт қарап, кеңес береді.

Instagram: Өзбекстан